...Төмендегі қазақтардың хәлі мүшкіл!

  • 28.10.2020
  • Malim Админ

Бүгін қаны неміс болса да, жаны қазақ болған Герағаңның туған күүні.

86 жыл бұрын дәл осы күні Герольд БЕЛЬГЕР Ресейдің Саратов облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын бітірген. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазды.

«Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» зерттеу еңбектерінің, жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-ке жуық жинақтың авторы. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов тағы басқа қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, тағы басқа неміс ақын, жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударған.

Герағаң бір сұхбаттарында мынандай ойлар айтқан екен.

***

«Біздің әртістермен бірге шетелде болған кезім болды. Біздің қазақтар қазақша ән айта бастаса, шетелдіктердің көзі бақырайып кетеді. Бұл оларға қызық. Ал біздің қазақтар не істейді? Олар операдан ариялар орындап, бар күштерімен скрипканы сабалайды. Бірақ бұнымен ешқандай еуропалықты таңқалдыра алмайсың. Бұл ешкімге қажет емес. Егер өз тіліңде ән салып, ұлттық ерекшелігіңді таныта білсең, сонда ғана саған жұрт қызығады және сенің беделің артады. Сол үшін қазақтардың ең басты кемшілігінің бірі – еліктегіштігі. Бұл жағынан олар алдына ешкімді салмайды».

***

«Мені тағы бір мәселе ашындырады. Ауылдан келген жас қыздар бірден орыс тіліне көше қояды. Тіпті өзара қарым-қатынаста да. Олар бірде бір бесік жырын білмейді. Ал олардың бәрі болашақ ана ғой. Егер, әйел-ана басқа тілге, басқа мәдениетке көшсе, меніңше, бұл ұлттың жойылуы. Әйел бәрін сақтауы керек: ошағын, тілін, ұлттық, аналық тегін, әйтпесе, бәрінен айрыласың».

***

«Рухани дағдарыс, мәдени дағдарыс, қалай десеңіз де, ол экономикалық емес. Оның Қазақстанда болуы мүмкін де емес. Соның ішінде бәрінен бұрын қазақтар кедейлене түсуде. Барлық жерде қазақтар басқарады, барлық жерде қазақтар басымдыққа ие, сөйте тұра, төмендегі қазақтардың халі мүшкіл! Оның себебі неде? Өйткені, барлық жерде ұрлық!»

turkystan.kz

Байланысты жаналықтар

РЕДАКТОР

10.10.2020

Бейсен Құранбектің сөзі: Шал мен кемпірдің баласы болдым

03.03.2021

«Шарли Эбдо»  Мұхаммед пайғамбар туралы карикатураны қайта жариялады

02.09.2020

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жары - Ажар апа қайтыс болды

05.10.2020

Батаеваға жапон ғалымының жауабы

30.07.2020

Әнес Сарай қайтыс болды

02.02.2021