457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәскеуде соғысқа қарсы жазбалары үшін қазақ диаспорасының басшысы сотталды

Полат Жамалов «армияны қаралау» және «экстремизмді ақтау» баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

"DAT" мәліметінше, Ресей астанасындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Полат Жамаловқа Мәскеудің Кунцев аудандық соты үкім шығарды.

"Ол әлеуметтік желілерде жариялаған жазбалары үшін «армияны қаралау» және «экстремизмді ақтау» баптарымен айыпталды. Жамалов жеті жылға сотталды. Қылмыстық іске оның 1930-жылдардағы қазақ ашаршылығы, Қазақстанға Ресейдің ықпалы және Украинадағы соғыс жайлы жазбалары себеп болған", – делінген жарияланымда.

Полат Жамалов — Мәскеудегі қазақ диаспорасының белгілі өкілі. Ол саясаткер де, белсенді де емес, оппозициялық қозғалыстарға да қатыспаған. Соңғы жылдары мәдениет және білім салаларымен айналысып, қандастардың Ресей астанасына бейімделуіне көмектескен, Қазақстанмен байланыс орнатуға атсалысқан.

"Соған қарамастан, ол даулы қылмыстық істің басты адамына айналып, әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ауыр жаза алды. Жамалов өз жазбаларында соңғы жылдардағы тарихи оқиғалар туралы ой бөліскен", – деп жазады басылым.

Айыптау тарапының айтуынша, Жамалов "мемлекеттік органдардың әрекетін қорлап, Ресей Федерациясының Қарулы күштерін қаралаған".

Сот үкімі құқық қорғаушылар мен шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің алаңдаушылығын туғызды.

Мәскеулік адвокаттардың бірі сот шешіміне пікір білдіре отырып:

"Бүгінде адамдарды әрекеті үшін емес, пікірі үшін соттайды. Жамалов ешкімді күш көрсетуге шақырған жоқ, жалған ақпарат таратқан жоқ – тек өз ойын білдірді. Бірақ оны аса ауыр қылмыс жасағандай жазалады", – деді.

Жамаловтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

"Дегенмен, құқық қорғаушылар қазіргі Ресей сот жүйесінде істі қайта қарату мүмкіндігі өте төмен екенін айтады", – деп жазады "DAT" авторы Тимур Иса.

Фото: Мәскеу қаласындағы жалпы юрисдикция соттары