Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

Malim Админ

  • 28.10.2020

Ресейде "Спутник-V" вакцинасының сынағына қатысқан 19 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы вакцинаны жасап шығарған Гамалея орталығының директоры Александр Гинцург мәлімдеді.

Алайда Гинцбургтың сөзінше, вирусты вакцина емес, плацебо салдырғандар жұқтырған болуы мүмкін.  Әзірге вирусты жұқтырғандар вакцинаны салдырғандар ма, әлде плацебоны алғандар ма, мұны дөп басып айту қиын. Орталық мұның анық-қанығын тек қарашаның ортасына қарай ғана анықтай алады.

Гинцбургтың айтуынша, сынаққа қатысқан еріктілердің жартысы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. 9 мыңға жуығы вакцина сынағының екінші кезеңіне қатысты. Ал сынақтың қорытынды кезеңіне 40 мың адам қатысып жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 26 тамыз күні Ресеймен вакцина алу туралы келісім жасасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанның Ресеймен ғана коронавирус вакцинасын сатып алу туралы келісім жасасқанын "ресейлік екпе басқалардың алдына шығып кетті" деп түсіндірген.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды