"Парламент сөзі" Бейсен Құранбектің жарына табысталды

Malim Админ

  • 30.10.2020

«Парламент сөзі» сыйлығының иегері белгілі журналист Бейсен ҚҰРАНБЕК. Марапат марқұмның жары Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫНА табысталды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған парламенттік сыйлық жазда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде карантинге байланысты берілмей қалған.

Мәжіліс спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛИН  «Парламент сөзі» сыйлығын жеңімпаздарға табыстап,  бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің дамуындағы, сондай-ақ депутаттық корпус пен журналистердің бірлескен нәтижелі жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, Бейсен Құранбекке тағайындалған "Парламент сөзі" арнайы сыйлығын оның жары Гүлмира Қадырқызына табыс етті.

«Бейсекең сырқаттанып жатқанда оның адал достары, әріптестері, өмір жолындағы ұстаздары, өзі баулыған шәкірттері жан жағынан қаумалап көмектесіп жүрді. Ол кісі өмірден өткен соң да сол демеуді, қолдауды әлі сезіп келеміз. Елбасымыз бен Президентіміз бастаған еліміздің игі жақсылары көңілдерін білдіріп жатыр, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Жігер" сыйлығын тағайындады, Алматы облысының әкімдігі "Жетісу" телеарнасының төрінен музей ашу идеясына қолдау көрсетті. Бүгінгі өздеріңіз табыстап отырған "Парламент сөзі" марапаттарыңыз да ұлтының сүйікті ұлына көрсеткен ыстық ықыласы деп білеміз және сол пейілдеріңіз үшін отбасымыздың, әулетіміздің атынан және "Жетісу" телеарнасы мен "Qareket" ұжымының атынан алғысымызды білдіремін" – деді марқұмның жары Гүлмира ЗЕЕРБАЙ.

ФОТО ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНДЫ.

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

04.06.2021

Алексей Цой Нұрлан Нығматулиннің сынына жауап берді

05.05.2021

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

15.01.2021

Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

13.01.2021

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

26.10.2020
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

Алексей Цой Нұрлан Нығматулиннің сынына жауап берді

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда