Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

Malim Админ

  • 04.11.2020

Қазақстанда  коронавируспен екінші мәрте ауырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният мәлімдеді.

" Қарағанды облысында бір адамнан екінші мәрте анықталып  отыр. Бірінші жағдайда аурудың толық клинкалық картинасы болған, оның коронавирус екені барлық зертхана анализдерімен дәлелденген. Екінші мәрте қазан айының аяғында тура сондай аурумен қайта түсті, ПТР тест оң болып шықты", - деді Ажар Ғиният.

Бұған дейін ақпарат құралдарында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екінші мәрте коронавирус жұқтырды деген ақпарат тараған болатын. Алайда вице-министр мұны зерттеген комиссия екінші мәрте жұқтырған жағдайға жатқызбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы бұл адам алғашқы рет наурыз айында ауырғанда вирусты кімнен жұқтырғаны, қайдан келгені белгісіз күйінде қалған. Бұл мәселені қараған комиссия сол себепті оны екінші мәрте жұқтырған адамға жатқызбапты.

Байланысты жаналықтар

Кореядағы қазақ: Кәрістер вирус жұқтырып жатқан жоқ

12.05.2020

Індеттегі фестиваль: Сағынтаевтың сөзін құлақтарына қыстырмапты

01.06.2020

Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

07.04.2020

Карантиндегі Ақтөбеде 200 адам cенбілікке шықты

07.04.2020

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

17.04.2020

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

18.06.2020
MalimBlocks