Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

Malim Админ

  • 04.11.2020

 Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният экс-министр Елжан Біртановтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

"Әрине, министрлік үшін ауыр ақпарат. Бұл мәселені өкілетті органдар тергеп жатыр. Олар ақ-қарасын анықтайды деп ойлаймын", - деді А.Ғиният бүгін өткен онлайн брифингіде.

Ажар Ғиният бұрынғы министр Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ұсталғаны министрлік жұмысына қалай әсер етіп жатқанын да айтты.

"Жалпы алғанда, қосымша салмақ түсіп жатыр. Тергеу орындары құжаттармен жұмыс істеп, министрлік қызметкерлерін тергеуде жауап беруге шақырып жүр", - деді вице-министр.

Қазанның 31-і күні бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Қарашаның 3-і күні Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметі  Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады. Біртановқа тергеу соты қамауда ұстау бұлтарптау шарасын қолданған.

Елжан Біртанов елде коронавирус індеті өршіген тұста отставкаға кеткен. Одан бұрын ол өзі де кронавирус жұқтырып, ауруханада емделген. Өзінің отставкасын Біртанов емделу қажеттігімен түсіндірді.

25 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей Цойды тағайындаған болатын.

Бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Байланысты жаналықтар

Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы

29.07.2020

Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

29.07.2020

Денсаулық кодексі: «Біртанов отставкаға кетсін!»

24.02.2020

Қазіргі жағдай кадр тапшылығын күшейтіп жатыр

30.06.2020

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

17.03.2020

Цойдың цифры шатастырады

03.08.2020
MalimBlocks
Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы

Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

Денсаулық кодексі: «Біртанов отставкаға кетсін!»

Қазіргі жағдай кадр тапшылығын күшейтіп жатыр

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

Цойдың цифры шатастырады