Министр мырза, малымды табуға көмектесіңіз

Malim Админ

  • 05.11.2020

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ұрыларды неге ұстай алмайды? Облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат МӘДИЕВТІҢ қарамағындағылар өткен айда барлық республика назарын өздеріне бұрып еді. Үржарда полиция бөлімінде бір азамат өлген еді.

Енді шығыс қазақстандық полицейлер ұрыларды ұстай алатын емес. Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер ішкі істер министріне шағымдана бастады. Мәселен, ШҚО қарасты Ұлан ауданындағы Бозамбай ауылының тұрғыны Ержан СӘБИТОВ министрге видео үндеу жолдады. 2015 жылы жеке қожалық құрған азамат соңғы жылдары ұрылардан әбден зардап тартқан.

«Құрметті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мырза, соңғы жылдары мал ұрлығы өршіп тұр. Биыл бір ғана менен  148 бас қой, он бір бас сиыр, былтыр жиырма алты бас жылқым жоғалды. Бес күн бұрын 400 рулон шөп және мал қорам өрненіп кетті. Облыстық, аудандық полициядан еш қайыр жоқ. Арыздан нәтиже жоқ. Бірде бір қылмыс асылған жоқ. Үміт сізде көмек етіңіз», -дейді  Ержан Сәбитов.

Алайда, ШҚО полицейлердің есебі түгел. Ұрылар ұсталып жатыр, қылмыс саны азайып келеді екен.

«Облыста жыл басынан бері 232 мал ұрлау фактісі тіркелді. 2019 жылы 293 шағым болған. Яғни былтырға қарағанда мал ұрлау 20,8% азайған. Биыл мал ұрлығын жасап жүрген он төрт топ ұсталды. Алпыс ұрлық фактісі дәлелденді. Қылмыс ашу жағынан бірінші орындамыз», - делінген полиция департаментінің есебінде.

Фото ғаламтордан алынды.

MalimBlocks
«Ұлымды өлтірген полицейлер жазаланбады»