Қарағандылық полицейлер ұрланған жылқылардың үстінен түсті (ВИДЕО)

Күдіктілер 40 бас жылқыны сатуға апара жатқан беті екен

Мәди Саматұлы

  • 03.11.2024

Қарағанды қаласына кіреберісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері жүк көлігін тексеріп, үстіндегі жылқылар ұрланған екенін анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицейлер 2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігі тоқтатқан. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болған.

Полиция қызметкерлері көлікті тексеру барысында 40 бас жылқы болған. Жүргізушінің айтуынша жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмай шыққан. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқан беті екен.

Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын whatsapp чатқа таратқан, деп жазылған полиция хабарламасында.

Whatsapp чатқа таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныған.

Қазір барлық жылқы Үштөбе аулындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Атышулы іске қатысты ақпарат тарап жатыр: Челахтың туыстары пікір білдірді

14.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025
MalimBlocks
Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Атышулы іске қатысты ақпарат тарап жатыр: Челахтың туыстары пікір білдірді

Әлеуметтік желіде 11-12 сәуірде «Челахтың өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімнің күшін жоюды сұрады» деген тақырыппен жарияланымдар пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады