freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

12 наурыздан бастап қандай құқықбұзушылықтарға айыппұл салынады? Біле жүріңіз!

Қоғам
12 наурыздан бастап қандай құқықбұзушылықтарға айыппұл салынады? Біле жүріңіз!
ашық дереккөз

12 наурыздан бастап айыппұл тек жол ережесін бұзғандарға ғана емес, кез келген әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін автоматты түрде жазылады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне жаңа өзгерістер енеді. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды. 

Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, бұған дейін автоматты түрде тіркеу көбінесе жылдамдық асырған немесе қызыл жарыққа өткен жүргізушілерге қатысты қолданылып келсе, енді цифрлық жүйелер арқылы кез келген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл дереу жазылады.

Әкімшілік кодекстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Мұндай жағдайда деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделеді.

Заңда көлік құралдарына қатысты тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі де жеке көрсетілген, мұнда бұрынғыдай көлік иелері жауапқа тартылады.

Жаңа жүйе арқылы қандай әрекеттер үшін айыппұл салынуы мүмкін:

Көшеде қоқыс немесе темекі тұқылын тастау (2026 жылы 43 250 теңге);

Темекіні тыйым салынған жерде шегу;

Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;

Заңсыз сауда немесе алкогольді сатуға рұқсат етілмеген уақытта сату (ақылды камералар бар орындарда).

Егер цифрлық жүйе адамның жеке басын анықтап, ақпаратты мемлекеттік деректер базасымен растаған жағдайда, хаттамасыз бірден айыппұл жазылады.

Көлік рөлінде телефон пайдаланғандарға айыппұл келеді

Бұған дейін рөлде отырып телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқықбұзушылықтарды полиция қызметкерлері анықтап келсе, енді мұндай заңбұзушылықтар заманауи техникалық құралдар арқылы тіркелмек.

Заңнамада құқық бұзушылықтарды тіркеудің үш тәсілі көзделген:

  • қолданыстағы бейнекамералар;
  • автоматты тіркеу жүйелері – рөлде телефон пайдалану немесе белдікті тақпау сияқты арнайы өлшеуді қажет етпейтін өзге де бұзушылықтарды анықтайды;
  •  әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесімен біріктірілген мемлекеттік деректер базаларын пайдалану. Бұл құжаттарға қатысты бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, яғни техникалық байқаудың мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы, қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы және басқа да жағдайлар.

Полицейлердің нақтылауынша, бұрын автоматты режимде жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, тоқтау және тұру қағидаларын бұзу, озу және жолдың жүру бөліктерінде орналасу қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты алты түрлі құқықбұзушылық тіркеліп келген. Қалған құқық бұзушылықтар тек полиция қызметкерінің қатысуымен анықталған.

«Сонымен қатар заңнамада ескерту қарастырылған құқықбұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады. Бұрын жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жолда жүру қағидаларын бұзу жағдайлары үшін полиция қызметкерінің қатысуы және істі қолмен рәсімдеу қажет болатын», – дейді ІІМ өкілдері.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда енгізілген өзгерістер жаңа құқықбұзушылық түрлерін енгізбейді, тек оларды анықтау мен әкімшілендіру тәсілін өзгертеді. Яғни күнделікті байқалмай келген ұсақ заң бұзушылықтарды енді инспектор емес, цифрлық жүйе анықтап, айыппұлды бірден жазып отырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу