Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

13 жылдан бері бала көре алмай жүрген блогер сүйінші сұрады

Шоу-бизнес
13 жылдан бері бала көре алмай жүрген блогер сүйінші сұрады

Танымал блогер Елдос Қадырханов өзіне қойылған ауыр диагноздан толық айыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін желі жұлдызы ұзақ уақыт бойы перзент сүйе алмай жүргенін көпшілікпен бөліскен еді.

Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді. Міне, басты жаңалығым осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді, деді блогер. 

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу