Ресейдің Екатеринбург қаласында отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды – 20 жастағы жігіт өз анасын өлтіріп, денесін жасырып қойған, деп хабарлайды Malim.kz.
Тергеу деректеріне сүйенсек, ана мен баланың арасында тұрмыстық және жұмысқа байланысты жиі келіспеушіліктер болып жүрген. Кезекті дау кезінде жігіт анасын өлтіріп, денесін орманға апарып тастап, ал басын басқа жерге көмген.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін мал союмен айналысқандықтан, қылмысты жүзеге асыру оған қиынға соқпаған.
Қылмыс ізін жасыра алмаған жігіт көп ұзамай полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Ресейдің Тергеу комитеті қасақана адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.