freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қоғам
19 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: magnific.com

19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

“Қазгидромет” мәліметінше, көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша:

Солтүстік, солтүстік-батыс және батыс өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Сонымен қатар, күндіз Қазақстанның 12 өңірінде аптап ыстық сақталады, кей жерлерде ауа температурасы +48°C-қа дейін көтеріледі. Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу