Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2025 жылдың басты қаһармандары

Қоғам
2025 жылдың басты қаһармандары
Коллаж: казинформ

2025 жылы өзгенің өмірі үшін өз өмірін аямаған қазақстандықтар аз болмады. Олардың кейбірі көз жұмғаннан кейін марапатталып жатты. Бұл туралы Kazinform жазды. 

Алматы әуежайындағы оқыс оқиға

2025 жылдың басында Алматы халықаралық әуежайында қарапайым жолаушы бір адам ажалдан аман қалып қалғаны хабарланды.

Видеодан 7 наурыз күні белгісіз ер адам алдын ала тексеру аймағына келіп, әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастағанын көруге болады. Полиция келіссөз жүргізіп жатқан сәтте рейске танысын шығарып салуға келген басқа бір ер адам қыздың орнына кепілге өзін алуды ұсынады. Ол қолайлы сәтте пышақты жалаң қолымен ұстап, күдіктіні полицияның тұтқындауына жағдай туғызады.

Ал әуежайдың шырқын бұзған Машрапбек Баратов шілде айында «Кепілге алу», «Қарумен жасалған бұзақылық» және «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату» баптары бойынша 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қос аққуды құтқарған табиғат жанашыры

Павлодар облысында Баянауыл ауданында жылы жаққа ұша алмай, Сулысор көлінде қалып қойған екі аққудың тағдыры қазақстандықтарды бейжай қалдырған жоқ. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Бауыржан Жақыпов шарасыз құстарды құтқарып, осы ерлігі үшін біраз марапаттарға ие болды. 

Қос аққу облыс орталығындағы ветеринарлық клиникада қыстайтын болды.

Аты-жөнін жасырған құтқарушы

16 қарашада 42 жастағы Көкшетау тұрғыны Сергей Цупкин мұзда ойнап жүріп Қылшақты өзеніне түсіп кеткен 7, 8 және 9 жастағы үш баланы құтқарып қалды. 

Бірнеше күн бойы балалар да, құтқарушылар да белгісіз батырдың кім екенін біле алмаған.

Ақыры әлеуметтік желі арқылы батыр жұмбақ құтқарушының кім екені анықталып, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Сергей Цуакинке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

Шақырудан оралмаған фельдшер

Астаналық фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы өз мамандығына адалдықтың мысалы болып тарихқа енді. 

8 қараша күні Астанада ғимарат қаптамасының опырылуынан зардап шеккендерді құтқаруға келген Ұлдананың үстіне де ауыр зат құлап, ауыр жарақаттан көз аша алмай кетті. 
Екі ай бұрын ғана тұрмыс құрған фельдшерге «Ерлігі үшін» медалі табысталды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу