Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі

Қоғам •
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі
Pixabay

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі. Бұл туралы Аikyn.kz жазды.

Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңгеге жетті. Осылайша өсім 6 278 теңге болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 516 мың адам,а өскен.

Қазақстан зейнеткер зейнета

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу