Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

300 мың доза мефедрон: Астанада халықаралық есірткі тобы ұсталды

Қоғам
300 мың доза мефедрон: Астанада халықаралық есірткі тобы ұсталды

Ішкі істер министрлігі трансұлттық есірткі тобының қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласында арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелдік азаматтар ұсталды. Олардан 100 келіден астам синтетикалық зат "мефедрон" тәркіленді. "Қара нарықта" бұл партияның құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ол 300 мың бір реттік дозадан тұрады. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан. 

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу