Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

Экономика
4 айда  Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

2025 жылдың алғашқы төрт айында Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған. Сома осы кезеңде қорға түскен қаржыдан 2,3 есе көп. Бұл туралы Қаржы министрлігінің есебінде жазылған.

kz.kursiv.media жариялаған ақпаратқа сүйенсек, есепке сәйкес, осы кезеңде қорға түскен жалпы кіріс көлемі 854,9 млрд теңге болса, қордан алынған шығындар 2,013 трлн теңгеге жеткен.

Түсімнің басым бөлігі – мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтар. Атап айтқанда, корпорациялық табыс салығы, роялти, экспорттық рента салығы сынды төлемдерден Ұлттық қорға 843,5 млрд теңге аударылған. Бұдан бөлек, түрлі айыппұлдар мен жекешелендіру түсімдері бар.

Ал жұмсалған қаражаттың басым бөлігі – 1,6 трлн теңге – республикалық бюджетке бөлінген кепілдендірілген трансферттер. Тағы 400 млрд теңге мақсатты трансферттер ретінде бөлінген. Сонымен қатар, қорды басқару және аудит қызметтеріне 13,3 млрд теңге жұмсалған.

Нәтижесінде жыл басындағы 33 трлн теңгеден қазір 31,9 трлн теңге қалды. 4 айда Қордағы қаржы 1,1 трлн теңгеге азайып кетті.  

Фото: pixabay


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу