freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

76 жастағы қазақстандық саяхатшы 3 мың шақырым жаяу жүріп, Парижге жетті

Оқиға
76 жастағы қазақстандық саяхатшы 3 мың шақырым жаяу жүріп, Парижге жетті

Саяхатшы Сәрсенбай Қотырашевтың Триумф аркасы алдындағы мәрелі сәті – ерік-жігер мен қайсарлықтың айқын көрінісіне айналды. Париж төрінде қазақстандық жиһанкезді отандастары мен дипломаттар қарсы алып, оның ұлттық мәдениетті әлемге танытудағы еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сәрсенбай Қотырашев 24 сәуірде Парижге жетіп, жаяу сапарының жаңа кезеңін аяқтады. 76 жастағы саяхатшы 3 наурызда жолға шығып, 3000 шақырымды жүріп өткен. 

Оның бағыты Сербия, Мажарстан, Австрия, Германия арқылы өтіп, Франция астанасында аяқталды. Саяхат кезінде түрлі қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, ол өз мақсатына жетті.

Бұған дейін Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанды жаяу аралап, кейін Кавказ асып Түркияға жеткен. Одан соң Алтай мен Моңғолия арқылы Қытайға дейін барған. Әлеуметтік желіде ол UlytauMan лақап атымен танымал. Оның әр сапары оқырманын жігерлендіріп, ерекше қызығушылық тудырып келеді.

Еуропадағы бағыт – ең күрделі кезеңдердің бірі болды. Қатаң жол қозғалысы талаптарына байланысты ол автобандармен тікелей жүре алмай, көбіне велосипед жолдары мен соқпақсыз жерлерді айналып өтуге мәжбүр болды. Тіпті жүгін артқан арбасы да ауырлыққа шыдамай қалған сәттер болғанымен, саяхатшы алған бетінен қайтпады.

- Мен әлемге қазақ халқының қайсар, рухы биік халық екенін көрсеткім келеді. Біздің ата-бабаларымыз металды игерген, ғылыммен айналысқан, жылқыны қолға үйреткен. Мен осыны өз жолыммен дәлелдеуді мақсат еттім, - дейді Сәрсенбай Қотырашев.

Парижде жиһанкез ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде де құрметке бөленді. Онда оны қазақ мәдениетінің жаршысы ретінде қабылдап, оның миссиясын мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың жарқын үлгісі деп бағалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу