ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында лауазымды тұлғалардың, оның ішінде ведомство басшысының табысы туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында ҚР премьер-министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен оның жұбайы Сәния Садықованың табыстары туралы есеп жарияланды.
Келтірілген мәліметтер 2024 жылғы есептілік салық кезеңіне жатады.
"Жалпы сомасы: 88 678 984 теңге - бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен табыс (алынған дивидендтер мен сыйақылар)", делінген құжатта.