Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында өзен ортасында қалған екі адам жоғалып кетті

Қоғам
Абай облысында өзен ортасында қалған екі адам жоғалып кетті

26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан екен.

Ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпек болды. Алайда өзен ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Жоғалғандардың отбасы мен жақындарына психологиялық көмек көрсету мақсатында психологтар да жіберілген.

 

Фото: Абай облысы әкімдігінен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу