Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды

Қоғам
Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды

Абай облысының Бородулиха ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бородулихада жоғалған қыз баланы полицейлер тапты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда Абай облысы Бородулиха ауданының полициясына кәмелетке толмаған Аружан Саржанның үйінен белгісіз бағытқа кетіп, сол қалпы оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кірісіп, қыздың жүруі мүмкін бағыттары тексерілді, тұрғындар мен туыстарынан жауап алынды, сондай-ақ барлық қолжетімді дерекқорлар мен бағдарлар пайдаланылды.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Аружан Семей қаласынан табылды. Қыздың айтуынша, үйден кетуіне туыстарымен болған жанжал себеп болған.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қыз туыстарына тапсырылды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: Абай облысының Полиция департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу