«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда

Malim Админ

  • 04.09.2024

Шаһар тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған - Котлован жағалауында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар жағалаудан 200 қап қоқыс жинап шығарды.

Бұл жер ресми түрде жағажай болып саналмайды, бірақ келесі жылы бұл жағалауда жаңа өзгерістер орын алмақ. Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда.

– Бүкіл балалық шағымыз осы су қоймаларда ойнаумен өтті деуге болады. Мұнда мен жүзуді үйрендім, отбасылық демалысты жиі өткізіп тұратынбыз. Жылдар өте келе мұнда қоқыс көбейіп, демалуға ыңғайлы болмады. Әрине, біз әр демалыстан кейін өз орнымызды жинаймыз, бірақ барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Қазір осындай үлкен ұжыммен қоқыстың көп бөлігін жинап, шығарғанымызға қуаныштымын», - дейді қала тұрғыны Ангелина Сидоренко.

Өскеменде барлығы 100-ден астам эко-шара өткізілді. 492 аумақ тазаланып, 3871 шаршы метр қоқыс шығарылды, Қазақстан тауында 500 көшет отырғызылды, рұқсат етілмеген үйінділер жойылуда. «Таза ойындардың» 2 маусымы өткізіліп, соңғы маусымында 130-дан астам адам тартылып, 3 тонна қоқыс шығарылды. Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан көшесі қайта жөнделіп, Қабанбай батыр мен Пушкин көшелері бойында жаяу жүргіншілер аймағы және алаңдар абаттандырылуда, Назарбаев, Шәкәрім даңғылдары мен Қазақстан көшесі бойындағы үйлердің қасбеттері жөнделуде.

Қабанбай Батыр-Қазақстан, Қазақстан – М.Горький, Сәтбаев – Байбатчин қиылыстары аудандарында гүлдер отырғызылды, жаңа суару жүйелері іске қосылды.

Волонтерлер «Ардагерлерге тағзым» акциясы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрғын үйлердің аумақтарын тазалауға көмектесті.

Фото: ШҚО әкімдігі  

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды