freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абзал Құспан: "Алаш" бағдарламасында "киберқорған" ұғымы болған

Саясат
Абзал Құспан: "Алаш" бағдарламасында "киберқорған" ұғымы болған
Фото: mazhilis.kz

Қазақстан цифрландыру саласында әлемдегі көшбасшы елдердің біріне айналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан "Ой лайық" подкастында еліміздің технологиялық даму деңгейіне қатысты осындай пайымын білдірді, деп хабарлайды malim.kz.

Депутаттың пікірінше, Қазақстанның басты артықшылығы - интернет инфрақұрылымының қолжетімділігі мен цифрландыру процесінің дер кезінде қолға алынуы. Ол еліміздің электронды қолтаңба жүйесін әлемде алғашқылардың бірі болып енгізгенін мақтанышпен атап өтті.

Абзал Құспан өз сөзін шетелдік тәжірибемен де негіздеді. Ол Лондон мен Парижде жұмыс бабымен болған кезінде еуропалық заңгерлердің әлі күнге дейін қағазбастылықтан арыла алмай жүргеніне куә болған.

"Олар құжатты толтырып, қол қойып, кеңсеге өздері апарады. Ал біз ноутбукті ашып жіберіп, шаруаны қас-қағым сәтте тындырамыз. Ағылшын, француз заңгерлері біздің бұл мүмкіндігімізге таңдай қақты", - деді депутат.

Сонымен қатар, ол тарих қойнауына үңіліп, Алаш арыстарының көрегендігіне тоқталды. Депутаттың айтуынша, 1917 жылғы мемлекеттік бағдарламаның ішінен қазіргі "киберқорған" секілді ұғымдардың негізін кездестіруге болады. Ол бұл деректі Ұлттық кітапхана мұрағатынан көргенін жеткізді.

Сөз соңында Абзал Құспан қоғамда тек сын айта бермей, еліміздің нақты жетістіктеріне де объективті баға беру қажеттігін ескертті.

Еске салайық, Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингінде әлемдегі үздік отыз елдің қатарына кіреді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу