Белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт өмірден озды

Ол бірқатар республикалық, аймақтық басылымдарда жемісті еңбек еткен

Malim Админ

  • 21.02.2025

Еліміздегі бірқатар республикалық, аймақтық басылымдарда жемісті еңбек еткен журналист Өмірзақ Ақжігіт өмірден өтті, деп хабарлайды  Malim.kz.

Қаралы хабарды марқұмның қызы Еңлік Ақжігіт жеткізді.

Асқар тау әкемсіз қалдым. Тек әке емес, досым, сырласым, әріптесім, жанашырым еді. Мені ерекше жақсы көретін. Себебі, мен туылғанда папамның ұйқысы ашылған. Басқа баласы жыласа оянбайтын әкем, мен туылғанда сәл жыласам тұрып өзі қараған. Әзіліміз жарасатын. Үнемі Ақжарқын, көңілді жүретін. Жан-жағына тек жақсылық жасап жүретін. Журналистикаға кеш келсе де, өте мықты журналист ол менің әкем еді. Өткен шақта жазған қандай ауыр. Жүрегім қарсы айырылып, ішімде бірдеңені жұлып алғандай болып жатыр. Тынысым тарылып барады. Кез келген адаммен тең сөйлесе алатын. Қазақша да, орысша да сауатты жазатын. Әдебиет, тіл, саясат, экономика, тарих, математика барлық саланың жеті атасын білетін, - дейді Еңлік.

Айта кетейік, Өмірзақ Ақжігіт 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданы, Ақтөбе ауыл кеңесінде дүниеге  келді. 1970 жылы  мектепті, 1976 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын тәмамдады. Зауытта, тресте, бірлестіктерде қызмет атқарды, Қазақ химия-технологиялық институтында «сопромат» пәнінен төрт жыл сабақ берді, Арыс және Сайрам аудандық әкімдіктерінде бөлім меңгерушісі, әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

2003 жылдан бері журналистика саласында. «Жас Алаш» газетінде тілші, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде арнаулы тілші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жас қазақ үні», «Қазақия» газетінде бас редактор болып қызмет атқарды. 2013 жылы бала тәрбиесіне арналған «Еліңнің ері бол, Арда-Шерім», 2014 жылы Қазақстанның 1995-2010 жылдар аралығындағы саяси-әлеуметтік және өндірістік ахуалына арналған «Жауғашты – істің адамы» атты, 2020 жылы «Тыныштық жақпайтын адам» атты кітаптары жарық көрді.

2004-2023 жылдар аралығында Қазақстанның белгілі тұлғаларымен жасалған екі жүзден астам сұхбаты, көптеген мақаласы жарық көрді.

Фото:  adebiportal.kz

Байланысты жаналықтар

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

02.04.2025

Рысбек Зұрғанбайұлы. Өлім алдындағы өтініш 

24.03.2025

Ақырзаманның алғашқы күні

03.03.2025

Қасым іздеген, Дәриға, сол қыз...

02.03.2025

Ақын Серікбол Хасан өлеңдері

01.03.2025

Ақын Арман Әділбек өлеңдері

26.02.2025
MalimBlocks
«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

Рысбек Зұрғанбайұлы. Өлім алдындағы өтініш 

Ақырзаманның алғашқы күні

Жуырда қайтыс болған қас суреткер Мұхтар Мағауиннің Соңғы жазбасы. Ол Дональд Трамптың Президент болып сайлануы туралы өз пікірін білдірген.

Қасым іздеген, Дәриға, сол қыз...

Ақын Серікбол Хасан өлеңдері

Ақын Арман Әділбек өлеңдері