457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жас қалам. Оқушы Абылай Қайратұлының өлеңдері

Абылай Қайратұлы - 2008 жылы 13 мамырда,  Алматы қаласында дүниеге келген.  Республикалық “Мағжан оқуларының” бас жүлде иегері  Республикалық Абай, Мұқағали, Махамбет оқуларының жеңімпазы.  Физика-математика пәнінен олимпиада жүлдегері. Республикалық айтыстардың жүлдегері.  №76 Әлихан Бөкейхан атындағы жаратылыстану математикалық лицейінің оқушысы.

Тұман - ой

Томаға тарттым, санамда тұман хәл тұнған,

Самарқау мұңым сескеніп суық салқыннан,

Тіл қатты...(Тыныш!)-толқын да толқын сезімдер,

Жадыма түсті. Жарды ұрғам...

"Махаббат-мәңгі..." -Ақымақ түйген ақыл-ес.

Ақиқат - айна аялдамастан тағы ілес.

Әйтеуір мен де қараңғы түннің ішінде,

Қайғы мұңыммен кеңес өткіздім. Қағілез.

Қаңқулы сөздей, санамада бірге лескен кім?

Көз ала бере айна-бейнеге көшкен мұң,

Бір түндік мұңдас, бір түндік сырлас, Ей, тағдыр

Жабық кеңеске қош келдің!

Бетпе-бет. Іңір. Сол айна. Бөлме тар-қапас,

Есімді жиып, енге қарадым, еппенен.

Қожаға Сұлтан табылғандайын түнгі...

-Жаз!

Шерім шимайлап кетті өлең....

Жазайын десем,жазарға тіпті ой келмей,

Адамдай мұңды отырмын өткен той көрмей.

Асау жүрегім аптығын баса алмай тұр,

Ойларға түрлі ой-санам мүлде бой бермей.

Өзіңе босқа кінә артуда күнә ғой,

Қайтемін енді?тасыды еппен тұла бой!

Тығылып қалма санамның түкпірлеріне,

Тығырықтарға тіреген мені тұман ой…

Абайдың соңғы күндері

Киіз үй,  ымырт болды, бәсең әуен,

Күй - қайғылы,  құлақты теседі әрең.

Бір нәзік сезім сыйлап Абай үйі,

Көңілсіз ноталарға көшеді әрең.

Жауып жатыр киіз үйдің түңлігін ап

Абай отыр сол үйде түңіліп ап

Жалын атқан көздері сыр бермейді

Өзгеріп кеткендейме түрі бірақ

Қарайды қайта қайта айналаға

Сырын айтад,  Әрине қай балаға

Махамбеттен тараған ақындықпен

Мол мұра тастап кетті қайманаға

Дұшпандардан көңіл қап қанталаған

Халықтың ауыр жүгін арқалаған

Мәселенің күрмеуін қалай шешсін

Өлекпіген ой келіп анталаған

Бір сөзін бірнеше рет  қайталайды

Тарамданып тармақ боп ой тарайды

Бұрынғы Абай бізге енді жоқ болып тұр

Абайды көре алмаймыз қайта арайлы

(Бірақта қаймана жұрт,  мына халық

Әзірейіл келгенін байқамайды)

Айттың ғой асып тасып толғандарды

Айттың ғой көр соқыр боп қалғандарды

Өлгеннен соң тағы да көрсеттің ғой

"Өлсем орным қара жер көр болғанды"

Газеттерде жырлады бүкіл алаш

Абайсыз да қазағым бытырамас

Шанағынан  әуені үзілмеген

Қолыңдағы үні әсем үкілі ағаш

Жырлай берсін Абайды ұлы алашым

Әдебиеттің тұрғызған мұнарасын

Мыңмен жалғыз алысқан,  мыңмен жалғыз

Ерлерімнің еңсесі құламасын

Мен үшін Ұлы Абайдың жақын қалпы

Өрлей берсін биікке батыр даңқы

Ботамайлап қалып еді тірісінде

Атамайлап жырласын ақын халқы

Өлеңнің шам шырағын жағып кетті

Ақындарды жырымен шабытты етті

Шыңғыстаудың шыңдары шулап жатыр

Өйіткені Ұлы Абайды алып кетті

Абай-ау енді бізге оралмайды,

Сұм уақыт мына бізді неге алдайды?

Байыз таппай кетті ме бұл өмірден,

Әйтеуір орнады ғой терең қайғы. 

Фото: видеодан скрин