Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қазақстан Жазушылар одағының дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы екінші күнге жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының 2025 жылғы иегерлері анықталды.
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығы Тұрсынбек Токин, Қалқаман Сарин, Жандәулет Тұрсынбай, Ерлан Жүніс, Айдар Сейдазым, Бекжан Әшірбаев, Жәди Шәкенұлы, Ақсұңқар Ақынбаба, Саят Қамшыгер қатарлы ақын-жазушыларға берілді. Сонымен қатар, Әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Есберген Алауханов, Есенгелді Сүйінов, Алмаз Мырзахмет атаулы сыйлықтың лауреаттары атанды. Сондай-ақ бірқатар аға буын қаламгерлері Қазақстанның "Құрметті жазушысы" атағына ие болды.
Айта кетейік, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат. Бұған дейін Қалихан Ысқақ, Оразақын Асқар, Ғалым Жайлыбай, Ертай Ашықбаев, Ақұштап Бақтыгереева сынды қаламгерлер осы сыйлықтың иегері атанған.
Фото авторы: Самат Құсайын
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
