Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аида Балаеваның атынан төлемдер тағайындау туралы жалған ақпарат тарап жатыр

Қоғам
Аида Балаеваның атынан төлемдер тағайындау туралы жалған ақпарат тарап жатыр

Мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны айтылған. Stopfake.kz сайты бұл жарнаманың жалған екенін жазды. 

Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықтарды ресми порталда жариялайды. Онда да төлемдер туралы ақпарат болған жоқ.

Мұндай хабарламаға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың ісі. Бұған дейін Желіде ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын, - деп жазды stopfake.kz. сайты.

Фото: time.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу