Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Әйелім дзюдошы болған». Айбек Оралбай отбасы жайлы айтты

Спорт
«Әйелім дзюдошы болған». Айбек Оралбай отбасы жайлы айтты

Қазақстандық боксшы, ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзі құрған отбасы жайлы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Боксшы жарының да спортшы болғанын алға тартты. Дегенмен бүгінде ол мансабын аяқтап, ана болып отыр екен.

Әйелім дзюдошы. 2016 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» жарысында таныстық. Жол ұзақ екен, чартерлік рейспен ұштық, сонда оған көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы дзюдоны қоясың, себебі менің саған үйлентін ойым, ниетім бар дедім. Ол құлақ асып, бүгінде үйде ана болып отыр, - деді Айбек.

Сонымен қатар, ол балаларын боксқа бермейтінін де тілге тиек етті.

Дзюдоға береміз. Бокста жүрген соң, қаншалықты қиын екенін білемін, сондықтан да қимаймын, - деп қосты боксшы.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу