Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйелін ұрды деп айыпталған аудан әкімі қызметінен кетті

Қоғам
Әйелін ұрды деп айыпталған аудан әкімі қызметінен кетті

Атырау облысының әкімдігінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан Мақат ауданының әкімі 24 мамырда өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлайды Malim.kz "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Оның міндетін аудан әкімінің орынбасары Бекаділ Жайкин атқарып жатыр.

Әкімдікте Ринат Ибрагимовтың кетуі отбасылық жағдайларға байланысты ма, жоқ па, көрсетілмеген.

Мамыр айының ортасында оның бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева әлеуметтік желіде өзінің жұбайы тарапынан үнемі таяқ жейтінін мәлімдеп, видео жариялады. 2023 жылы ұрып-соғу кезінде омыртқаның бір бөлігі сынған.

Сонымен қатар, әйел бұрынғы күйеуі балаларын одан жасырады деп мәлімдеді. Әйел биліктен көмек сұраған еді.

Экс-әкім бұрынғы жұбайының өтінішін жалған деп атады.

Айта кетейік, Ринат Ибрагимовқа қатысты сот процессі 29 мамырда басталды.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу