freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айрақтыда ереже бұзған жүргізушіге айыппұл салынып, көлік айыптұрағына қойылды

Қоғам
Айрақтыда ереже бұзған жүргізушіге айыппұл салынып, көлік айыптұрағына қойылды
Бейнежазбадан скриншот

Әлеуметтік желілерде Айрақты тауының етегінде жүргізушінің қауіпті «дрифт» жасаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты құқық бұзушыны полиция анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, бейнежазбада табиғи аймақта Mercedes көлігін қауіпті түрде басқару, қоршаған ортаны ластау және жол-көлік оқиғасы қаупін тудыру дерегі тіркелген.

«Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – 24 жастағы жүргізуші, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлікті қайталап басқарған. Бұған дейін де ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған. Жүргізушіге бірнеше бап бойынша әкімшілік шара қолданылды: апаттық жағдай туғызу, абаттандыру ережелерін бұзу және көлік құралын пайдалану талаптарын қайта бұзу. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу