freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Александр Бублик рейтингтегі орнын сақтап қалды

Спорт
Александр Бублик рейтингтегі орнын сақтап қалды
ҰОК

Халықаралық теннис федерациясының (ATP) ресми сайтында соңғы турнирлердің қорытындысы бойынша жекелей және жұптық разрядтағы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик өткен аптада шаршауына байланысты Дохада өткен ATP 500 турниріне қатысудан бас тартқан еді. Соған қарамастан, бұл оның рейтингтегі орнына әсер еткен жоқ — спортшы әлемнің оныншы ракеткасы мәртебесін сақтап қалды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко 13 сатыға төмендеп, 92-орынға түсті.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы - испаниялық Карлос Алькарас. Үздік үштікте сондай-ақ италиялық Янник Синнер мен сербиялық Новак Джокович бар.

Жұптық разрядтағы рейтингті бұрынғысынша британдық Нил Скупски бастап тұр. Қазақстандықтар арасында бұл санатта ең үздік нәтиже көрсеткен - Григорий Ломакин, ол 376-орыннан 374-орынға көтерілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу