38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

1987 жылы 21 жастағы қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған ер адам 38 жылдан кейін ақталып шықты, - деп хабарлайды Malim.kz.
The Guardian мәліметінше, Ұлыбританияда 68 жастағы Питер Салливан соттың шешімімен ақталды. Ол – корольдіктің сот жүйесі тарихындағы ең ұзақ уақытқа түрмеге әділетсіз қамалған адам.
Салливан 1987 жылы Бебингтон қаласында 21 жастағы қызды зорлап, өлтірді деген айыппен сотталған. Ол өз кінәсін ешқашан мойындамаған және қылмысқа қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген. Оның адвокаттары да үкімге қарсы шағым түсірген.
Сот қателігі ДНҚ сараптамасынан кейін анықталды. Басылым мәліметінше, қылмыс орнындағы айғақ заттарда Салливанның генетикалық материалы болмаған. Прокуратура өкілдері 1980-жылдары ДНҚ тестілері қолданылғанда мұндай қателікке жол берілмейтінін айтты.
Қазір полиция қылмыс орнында табылған ДНҚ кімге тиесілі екенін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: Merseyside Police