457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

82 миллиардер тұрады: әлемдегі ең бай қалалар рейтингі шықты

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингін жариялады

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Henleyglobal мәліметінше, әлемдегі ең бай қалалардың көшін Нью-Йорк (АҚШ) бастады. Онда 384 500 бай адам тұрады. Оның 66-сы миллиардер. Мұндағы 400 000-ға жуық адамның "ең кедейінің" кем дегенде 1 миллион доллары (505 миллион 760 мың теңге) бар.

Сан-Франциско Силикон алқабы арқасында екінші орынға табан тіреді. Бұл аймақта 342 000 бай, миллионер тұрады. Оның 82-сі миллиардер.

Әлемдегі ең бай 10 қала:

  • Нью-Йорк (миллионерлер – 384 500, миллиардерлер – 66);
  • Сан-Франциско (342 000, миллиардер – 82);
  • Токио (миллионер – 292 300, миллиардер – 18);
  • Сингапур (миллионер – 242 400, миллиардер – 30);
  • Лос-Анджелес (миллионер – 220 600, миллиардер – 45);
  • Лондон (миллионер – 178 000, миллиардер – 23);
  • Париж (миллионер – 160 100, миллиардер – 22);
  • Гонконг (миллионер – 154 900, миллиардер – 40);
  • Сидней (миллионер – 152 900, миллиардер – 22);
  • Чикаго (миллионер – 127 100, миллиардер – 25).

Фото: pixabay.com