83 жылда алғаш рет «Америка дауысы» хабар таратуын тоқтатты

Сабина Асқарқызы

  • 16.03.2025

АҚШ федералды бюджетінен қаржыландырылатын «Америка дауысы» радиостанциясының 1300-ден астам қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілді. 83 жылда алғаш рет медиа хабар таратуын тоқтатты. Бұл туралы Linkedin әлеуметтік желісінде редакцияның директоры Майкл Абрамовиц жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен 83 жылда алғаш рет аңызға айналған «Американың дауысы» радиостанциясының үнсіз қалғанына қатты қапаланамын. Бүгін таңертең  бүкіл ұжымның – 1,3 мыңнан астам журналист, продюсер және көмекші қызметкерлердің бәрі әкімшілік демалысқа жіберілгенін білдім. Солардың ішінде мен де бармын, - деп жазды Абрамовиц.

Айта кетейік, «Америка дауысы», сондай-ақ «Азаттық радиосы» және «Азаттық Азия радиосы» ақпарат құралдарын қаржыландыруды осы медиалардың бас агенттігі саналатын USAGM тоқтатты. Бұйрықты президент Дональд Трамптың берді.

«Америка дауысы» радиосы 1942 жылы нацистік Германияның насихатына қарсы тұру үшін құрылған. «Азаттық» радиосы 1950 жылдан бері жұмыс істейді, Шығыс Еуропаның коммунистік елдерінде, ал 1953 жылдан бастап КСРО-да хабар тарата бастады.

2025 жылдың ақпанында президент Дональд Трамп АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі үкіметтік агенттігін қысқарту туралы жарлыққа қол қойған.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті