Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Арман Қайыпхан

  • 13.05.2025

Әйгілі франциялық актер Жерар Депардье сексуалдық қысым көрсеткені үшін 18 ай шартты жазаға кесілді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша 76 жастағы актер сексуалдық сипаттағы қылмыс жасаған адамдардың арнайы тізіміне енгізіліп, психологиялық ем қабылдауы тиіс. Үкім Жерар Депардьенің қатысуынсыз жарияланды.

Прокуратура наурыз айында соттан актерге 18 ай шартты жаза, 20 мың еуро айыппұл және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді талап еткен болатын. Сонымен қатар, айыптаушылар оны екі жылға сайлауға қатысу құқығынан айыруды сұрады.

Үкімнен кейін актердің адвокаты Жереми Ассу сот шешімін апелляцияға беретінін мәлімдеді. Депардье өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Сот процесі 24 наурызда басталды. Адвокаттың айтуынша, Депардье жүрегіне шунттау операциясын жасатқан және қант диабетімен ауырады. Медициналық сараптама оның сотта жауап бере алатынын растады, бірақ отырыстар алты сағаттан аспауы, әр 15 минут сайын үзіліс беріліп, түскі үзіліс қарастырылуы керек екенін ескертті.

Іске себеп болған оқиға 2021 жылы "Жасыл жапқыштар" фильмінің түсірілім алаңында болған. 54 жастағы декоратор мен 34 жастағы режиссер көмекшісі Депардьенің орынсыз ескертулер айтып, дене мүшелеріне қол сұққанын мәлімдеді. Олар 2024 жылдың басында актерді сексуалдық зорлық, қысым және жыныстық кемсіту баптары бойынша сотқа берген.

Жерар Депардье 200-ден астам фильмге түскен және бұған дейін де сексуалдық қысым көрсету фактілері бойынша бірнеше рет айыпталған. 2023 жылдың сәуірінде бірден 13 әйел – актрисалар, массовка қатысушылары мен гримерлер оның орынсыз әрекеттеріне шағымданған. Алайда бұл жолы алғаш рет іс сотқа жетіп отыр.

Фото: Ammar Abd Rabbo/El Gouna Film Festival/AFP

Байланысты жаналықтар

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025
MalimBlocks
20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты