АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Арман Қайыпхан

  • 28.03.2025

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио антиизраильдік көзқарастарға қарсы күрес аясында 300-ден астам студенттің визасын жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

АҚШ-тың сыртқы істер ведомствосының басшысы әрбір визаны кері қайтару туралы шешімді жеке өзі мақұлдағанын және бұл сөз бостандығын бұзу емес екенін айтты.

"Біз мұны күн сайын жасаймыз... Осындай ессіздердің бірін тапқан сайын, визасын тартып аламын. Бір кезде мұндай жағдайлар тоқтайды деп үміттенемін, өйткені біз олардан құтылып жатырмыз", – деді Рубио.

"Егер сіз АҚШ-қа кіру үшін визаға өтініш берсеңіз және студент болсаңыз, әрі сіздің мақсатыңыз тек мақала жазу емес, сонымен қатар университеттерде вандализм жасау, студенттерді қудалау, ғимараттарды басып алу, шу шығару болса, біз сізге виза бермейміз", – деді ол.

"Егер сіз бізге өтірік айтып, виза алсаңыз, содан кейін АҚШ-қа кіріп, осы әрекеттерге қатыссаңыз, біз визаңызды тартып аламыз", – деп түсіндірді мемлекеттік хатшы.

Осы аптаның басында әлеуметтік желілерде Түркиядан келген 30 жастағы Рюмейса Өзтүріктің Массачусетс штатындағы Тафтс университетінде оқып жүрген кезде азаматтық киімдегі бетперде таққан адамдар тарапынан ұсталғаны көрсетілген видео тарады.

AFP мәліметінше, Өзтүрік студенттік газетте Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін "геноцид" деп айыптаған мақала жариялаған. Енді оған депортация қаупі төніп тұр.

Иммиграциялық адвокаттың айтуынша, Өзтүрік Луизианадағы қамау орталығына жеткізілген. Бұл шешім соттың оны Массачусетсте қалдыру туралы үкіміне қарамастан орындалған. Сонымен қатар, оған адвокатқа қол жеткізу мүмкіндігі берілмеген.

Фото: Nathan Howard/AFP

Байланысты жаналықтар

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

30.03.2025

АҚШ USAID агенттігінің таратылатынын ресми түрде хабарлады

29.03.2025

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025
MalimBlocks
Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

АҚШ USAID агенттігінің таратылатынын ресми түрде хабарлады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Конгреске АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) таратылатыны жөнінде ресми түрде мәлімдеді,

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды