АҚШ әскері қызметке трансгендерлерді қабылдауды тоқтатты

Арман Қайыпхан

  • 16.02.2025

АҚШ Қарулы күштері енді трансгендерлерге әскери қызметке тұруға рұқсат бермейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған шешім Дональд Трамптың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне тыйым салу туралы жарлығымен байланысты. Сонымен қатар құжатта тек екі жынысты – ер мен әйелді ресми түрде тану қажеттігі атап өтілген.

АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына рұқсат бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жыныстық ауысу процедураларын жүргізуге немесе оған жағдай жасауға тоқтау салады, — делінген АҚШ Қарулы күштерінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.

Бұл шектеу елдегі ЛГБТ+ құқықтарын қорғау саласындағы пікірталастарды күшейтіп, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар тарапынан сынға ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұрын жыныс ауыстырған әскери қызметкерлердің тағдыры да белгісіз болып отыр.

Фото: Lev Radin / Keystone Press Agency / Global Look Press

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks