NBC: Иран ядролық шабуылға жауап қайтаруы мүмкін, АҚШ дайындық үстінде

АҚШ билігі Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдар үшін алдағы 48 сағат ішінде жауап қайтаруы мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары шабуыл болуы ықтималдығына байланысты алдын ала дайындық шараларын жүргізген.
NBC дереккөздерінің айтуынша, Иранның қай бағытта әрекет ететіні әзірге белгісіз: соққы АҚШ-тың шетелдегі нысандарына, ел ішіндегі объектілеріне немесе екеуіне бірдей бағытталуы мүмкін.
Вашингтон Иран тарапынан жауап шабуылы 22–23 маусым аралығында болуы мүмкін деп қауіптеніп, осы кезеңге ерекше назар аударып отыр.
Сонымен қатар, телеарна АҚШ әскери базалары бірнеше ай бұрын-ақ ең жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне көшірілгенін еске салды.
Фото: The White House/AP/dpa/picture alliance

Ең көп оқылған
