АҚШ-РЕСЕЙ КЕЗДЕСУІ: САУДИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

Арман Қайыпхан

  • 18.02.2025

Сауд Арабиясында АҚШ-Ресей келіссөздері аяқталды. Сонда белгілі болған бірсыпыра ақпаратқа қатысты сарапшы Нұргелді Әбдіғани пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ?

АҚШ делегациясы: Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стив Уиткофф.

Ресей делегациясы: СІМ басшысы Сергей Лавров, Ресей президентінің сыртқы саясат бойынша көмекшісі Юрий Ушаков пен РФ Тікелей инвестиция қорының басшысы Кирилл Дмитриев.

АҚШ-тың басты келіссөзшісі Марко Рубио: «Украинадағы бейбітшілік – Ресеймен экономикалық мүмкіндіктердің кілті.

Келіссөздердің бірінші кезеңі – дипломатиялық миссиямыздың жұмысын қайта жандандыру және дипломатиялық байланыстарды жандандыру.

Келіссөздердің екінші кезеңі – Украинадағы  бейбіт келіссөздер тақырыбына арналады. Әрине, бұл мәселеде Украина мен Еуропадағы әріптестердің пікірі ескеріледі. Олармен ақылдасулар өткізіледі. Бұл міндетті кезең.

Ал үшінші кезеңде – Украинадағы соғысты тараптарға тиімді позицияда аяқтаған соң, Ресеймен геосаяси әріптестікті қайта жандандырудың жолын іздеуге ден қойылмақ. Ашығын айтқанда, экономикалық байланыстар туралы сөз болмақ.

Бірінші кезеңді біз оңай еңсере аламыз. Дипломатиялық байланыстарды орнатуда аса бір күрделіліктер жоқ. Ал екінші кезең қиын. Ол – Украинадағы соғысты тоқтату. Ал үшінші кезең – экономикалық байланыстарды орнату. Ол үшін міндетті түрде екінші кезең толықтай жүзеге асырылуы керек», - деді.

РЕСЕЙ ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ?

Ресейлік тараптың айтуынша бүгін талқыланған тақырыптар:

Бірінші – алда болатын келіссөздерге өкілдер бекіту, команда жасақтау.

Екінші – Ресей мен АҚШ екіжақты қарым-қатынастарды дамыту.

Үшінші – Ресей мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды жандандыру, соның ішінде, энерготасымалдауға қатысты әлемдік баға бойынша талқы.

Бұл айтылғандар Сергей Лавров, Юрий Ушаков пен Кирилл Дмитриевтердің мәлімдемелерінен алынған тезистер.

ПРЕЗИДЕНТ ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ?

Украина президенті де, Украина өкілдері де Саудиядағы АҚШ-Ресей келіссөздеріне қатысқан жоқ. Президент Зеленский Саудиядағы келіссөздерге қатысты:

«Украина ең қиын күндердің өзінде Ресей қойған ультиматумға көнбеді. Қазір неге көне қалуы керек? Ресей 2022 жылы бізге ультиматум қойып: әскерді қысқартуды, оккупацияланған аумақтарды Ресейдікі деп мойындауды талап етті. Украина Ресейдің айтқанымен жүретін «қуыршақ» президент қойғысы келді.

Қазір қандай да бір келіссөздер өтіп жатыр. Ол келіссөздер АҚШ пен Ресей арасында өтуде. Ресейліктер мәз жүр. Украина жайлы Украинасыз талқылауда. Біз оны елемейміз. Біз ең қиын күндерде Ресейдің ультиматумына көнбегенбіз, қазір де көнбейміз», - деді.

Фото: ARTYOM POPOV/TASS

Байланысты жаналықтар

Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

22.02.2025

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

21.02.2025

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

20.02.2025

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

18.02.2025

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті

18.02.2025

Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыспаймыз және мойындамаймыз - Зеленский

17.02.2025
MalimBlocks
Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

Мен кінәлі екенімді білемін, бірақ жауапкершілікті сезінбеймін, — деді ол

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

АҚШ-та серіктестерден, жарнамалық кірістер мен демеушілерден түскен кез келген қаражатқа салық салынады

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті

Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыспаймыз және мойындамаймыз - Зеленский