АҚШ: Ресей Украинаға ауқымды соққы жасауға дайындалып жатыр

АҚШ ресми өкілдерінің пікірінше, Ресей Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) «Паутина» операциясы аясында жасалған шабуылға жауап ретінде көпжақты және күшті соққы дайындап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz
Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
АҚШ-тың бір шенеунігі Ресейдің мұндай соққыны бірнеше күн ішінде жасауы мүмкін екенін, әрі оның "асимметриялық" сипатта болатынын айтты. Яғни, шабуыл Украина жасаған әрекеттің айна-қатесіз көшірмесі болмайды.
Тағы бір дереккөз бұл соққы зымырандар мен дрондардың бірлескен қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін екенін жеткізді.
Батыс дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, Ресейдің қарсы әрекеттері қазірдің өзінде басталып кеткенімен, олар алдағы уақытта күшейіп, Украинадағы маңызды нысандарға – үкімет ғимараттарына бағытталуы мүмкін. Бұл арқылы Мәскеу Киевке нақты саяси сигнал беруді көздеуі ықтимал.
Фото: Maxar/Eyepress/picture alliance

Ең көп оқылған
