АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

Бұл Ресейдің мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

Америка Құрама Штаттары Ресейдің мұнай экспортына қатысты теңдессіз санкциялар енгізілгенін жариялады. KazService телеграм-арнасының жазуынша, бұл жолғы шектеулер ең ірі компаниялар, кемелер, трейдерлер мен сақтандырушыларды қамтып, Ресей мұнайының әлемдік нарыққа жеткізілуіне елеулі кедергі тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Санкциялар Ресейдің ең ірі мұнай компанияларына — «Газпром нефть» және «Сургутнефтегазға» қатысты енгізілген. Бұдан басқа, 183 кеме, соның ішінде санкцияларды айналып өту үшін қолданылған «көлеңкелі флот» та қамтылған. Сондай-ақ, мұнай экспортын белсенді түрде жүзеге асыратын ондаған мұнай трейдерлері де санкцияларға ұшыраған.

Санкциялар Ресейдің сақтандырушыларына да қатысты, мысалы, «Ингосстрах» және «АльфаСтрахование» компаниялары тізімге ілінген. Олар Үндістанға және басқа елдерге мұнай тасымалдаған кемелердің көпшілігіне сақтандыру қызметтерін көрсететін еді. Бұл шешім мұнай экспортын қиындатады, өйткені ол кемелердің иелері мен сатып алушылар үшін тәуекелдерді арттырады.

Сонымен қатар, ресейлік компаниялардың топ-менеджерлеріне қатысты да жеке санкциялар салынған. Олардың арасында «Газпром нефть» басшысы Александр Дюков, «Сургутнефтегаз» басшысы Владимир Богданов, «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов, «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев, басқа да жоғары лауазымды тұлғалар, оның ішінде Ресей энергетика министрінің орынбасарлары бар.

Ресей мұнайын негізгі сатып алушылар — Үндістан мен Қытайға мұнай жеткізу үздігуі мүмкін. Үндістанның мұнай өңдеу зауыттары санкцияға ұшыраған кемелермен немесе ресейлік компаниялармен сақтандырылған мұнайды қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеген.

Осыған байланысты Ресейдің мұнай бағасын төмендетуі ғажап емес. Себебі батыс елдері қойған баға шегіне сәйкес келуі керек. Бұл экспорттық көлемдерді сақтау үшін мұнайдың баррелін 60 доллардан төмендетуге әкелуі мүмкін.

Санкциялардың енгізілуі әлемдік мұнай нарығына әсер етіп үлгерген. Шикізат бағасы өсіп, баррелі 80 долларға барған. АҚШ бұл уақытта Ресейге қысым жасау мен әлемдік мұнай бағасын қолайлы деңгейде ұстап тұру арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылып отыр. Себебі қосымша экономикалық дағдарыс болғаны оларға қажет емес.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті

07.02.2025

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

06.02.2025

АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

06.02.2025

Иран мен Ресей Сирия арқылы қару-жарақ сатып келген. Енді не болады?

05.02.2025

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

04.02.2025

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда бірінші орынға шықты

02.02.2025
MalimBlocks
Нұрлан имам Дональд Трамппен бірге таңғы ас ішті

Имам АҚШ-қа арнайы шақыртылған

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

Трамп тиісті жарлыққа қол қойды.

Иран мен Ресей Сирия арқылы қару-жарақ сатып келген. Енді не болады?

Иран Сирияда әскери базалар мен қару-жарақ қоймаларын құрып, өз қару-жарақтарын әрі қарай Ливан мен Ирактағы «Хезболла» сияқты топтарға жеткізіп отырған

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда бірінші орынға шықты

30 қаңтарда Smoke трегі америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. iTunes Top 100 қосымшасында ән 32-орында тұр.