АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерьлеріне соққы берді

Әскерилердің есебінше, 35 содырдың көзі жойылды

Мадина Қайнарова

  • 31.10.2024

Осы аптада АҚШ әскери күштері Сирияның шөл даласына орын тепкен «Ислам мемлекетінің» бірнеше лагеріне әуеден шабуыл жасады. Нәтижесінде 35 содырдың көзі жойылды.

Бұл туралы сәрсенбіде АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

Қолбасшылықтың мәлімдеуінше, соққылардың мақсаты - «Ислам мемлекетінің» жоғары дәрежелі көшбасшылары. Бұл ұйымды Америка Құрама Штаттары террористік деп таныған.

CENTCOM мәліметтері бойынша, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Бұл шабуылдар - АҚШ пен оның одақтастарының «Ислам мемлекетінің» жедел әлеуетін әлсіретуге бағытталған күш-жігерінің бір бөлігі. Оның мақсаты - болашақта бейбіт тұрғындарға, Америка Құрама Штаттарына және олардың аймақтағы одақтастары мен серіктестеріне қарсы жасалатын шабуылдардың алдын алу.

АҚШ әскери күштері Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерлеріне осы айда екінші рет соққы жасап тұр. Мәселен, бұған дейін CENTCOM 11 қазандағы шабуыл туралы хабарлаған болатын.

Фото: antikor.com.ua

Байланысты жаналықтар

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

13.11.2024

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

08.11.2024

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

07.11.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024
MalimBlocks
Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

"Бюрократияны шектеп, құрылыс салуға мүмкіндік беруіміз керек" деді ол.

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын растау 6 қаңтарда өтеді

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды