АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

Арман Қайыпхан

  • 01.02.2025

АҚШ-та Филадельфияның солтүстік-шығысында (Пенсильвания штаты) Learjet 55 санитарлық ұшағы құлады, деп хабарлайды Malim.kz CBS телеарнасына сілтеме жасап.

Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, бортта алты адам болған, бұл ақпаратты Федералды авиация басқармасы растаған. Jet Rescue Air Ambulance ұшағының иесі компания бортта науқас бала мен оның туыс және төрт экипаж мүшесінің болғанын айтты.

Санитарлық авиацияға тиесілі әуе кемесі Спрингфилдке (Миссури) бет алған. Learjet 55 ұшағы Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайынан шыққаннан кейін 30 секундтан соң апатқа ұшырады.

Roosevelt Mall маңында құлаған ұшақ Коттман авенюі мен Рузвельт бульвары аймағындағы бірнеше үйді өртеп жіберді. Полиция апат болған жерде бірнеше адам зардап шеккенін мәлімдеді. Борттағы адамдардың тағдыры туралы ақпарат жоқ.

Куәгерлерге сілтеме жасай отырып, Fox29 ұшақ құлағаннан кейін бірнеше көлік өртеніп, жақын маңдағы адамдар қатты жарылыстарды естігенін жазады.

Апатқа не себеп болғаны әлі белгісіз. Федералды авиация басқармасы мен ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тергеу жүргізуде.

Президент Дональд Трамп өзінің TruthSocial әлеуметтік желісінде болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Фото: ашық дереккөз

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.