АҚШ жаңа F-47 жойғыш ұшағын көрсетті

Арман Қайыпхан

  • 22.03.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Boeing компаниясы 6-буынның алғашқы жойғыш ұшағы – F-47-ні жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды AFP.

"Менің бұйрығым бойынша АҚШ Әуе күштері әлемде теңдесі жоқ 6-буын жойғыш ұшағын әзірлеуді бастады. Мұндайды бұрын ешкім көрген жоқ", – деді Трамп.

Мәлімдеме барысында қорғаныс министрі Пит Хегсет пен АҚШ армиясының жоғары лауазымды генералдары Ақ үйде болды. Сондай-ақ, F-47-нің концептуалды бейнесі бейнеленген стендтер орнатылды.

Трамп жойғыш ұшақтың атауына нақты түсініктеме бермеді, тек оны "әдемі сан" деп атап, оны генералдардың таңдағанын айтты. Кейбір БАҚ бұл сандардың Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті болуымен байланысы барын атап өтті.

Трамптың айтуынша, F-47 өз жылдамдығы, маневрлік қабілеті және ұрыс жүктемесі бойынша барлық аналогтардан асып түседі. Оның стелс-технологиясы ұшақты "көзге мүлдем көрінбейтін" етеді.

Трамптың сөзінше, жаңа жойғыштың әзірленуі 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, сынақ рейстері де орындалған. Ұшақты әзірлеу құқығын Boeing компаниясы жеңіп алды, ал оның алдындағы F-35 моделін Lockheed Martin жасап шығарған болатын.

F-47-нің нақты жылдамдығы туралы толық ақпарат берілген жоқ, бірақ Трамп "екіден жоғары жылдамдыққа ие" деп мәлімдеді. Бұл 2000 км/сағ немесе 2 Мах (2248 км/сағ) болуы мүмкін.

F-47-нің жалпы құны әлі белгісіз, алайда бұған дейін АҚШ-тың NGAD (Next Generation Air Dominance) бағдарламасы аясында әр ұшақтың құны 300 млн долларға жетуі мүмкін деп болжанған. Жалпы жобаға жүздеген миллиард доллар жұмсалуы ықтимал.

F-47-нің нақты өндірісі алдағы 2 жыл ішінде басталады деп күтілуде. Бұл АҚШ әскери-әуе күштері үшін маңызды жоба болғанымен, оны сынға алушылар бар. Кейбір сарапшылар алтыншы буын жойғышына қажеттілік жоқ деп санайды, өйткені қазірдің өзінде F-35 және болашақтағы B-21 Raider ұшақтары осындай міндеттерді орындай алады.

F-47 жойғышы АҚШ әскери қуатын жаңа деңгейге көтере ала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді.

Фото: AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті