Баж салығы: АҚШ-та 12 штат Трампты сотқа берді

Талап-арызда президент енгізген тарифтер сол штаттардың экономикасы мен халқына зиян тигізгені айтылған

Malim Админ

  • 24.04.2025

Сәрсенбі күні басым бөлігін демократтар басқаратын 12 штат президент Дональд Трампты енгізілген тарифтерге байланысты сотқа берді. Бұл туралы The New York Times-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Сәрсенбіде Аризона, Колорадо, Коннектикут, Делавэр, Мэн, Миннесота, Невада, Нью-Мексико, Вермонт, Нью-Йорк, Иллинойс және Орегон штаттары өздерінің экономикаларының осалдығына қатысты алаңдаушылық білдіріп, сотқа жүгінді. Невада мен Вермонт штаттарында республикашыл губернаторлар болғанымен, барлық штатта Демократиялық партияның бас прокурорлары бар.

Демократиялық партияның бас прокурорлары берген талап-арызда президент енгізген тарифтер сол штаттардың экономикасы мен халқына зиян тигізгені айтылған. 
Сондай-ақ заң бойынша тарифтерді белгілеу құқығы тек Конгреске ғана тиесілі екені атап өтілген. Штаттар соттан Трамп әкімшілігін заңсыз тарифтер енгізуге жол бермеуін сұрайды.

Калифорния өткен аптада бірінші болып сотқа жүгінді, штаттың губернаторы мен бас прокуроры Трамп әкімшілігін штат экономикасына орны толмас зиян келтірген сауда соғысын өршітті деп айыптады.

Фото: x.com/WhiteHouse

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Еуропа АҚШ-қа қарсы енгізілетін баж салығын 90 күнге шегерді

10.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

09.04.2025

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді

07.04.2025
MalimBlocks