Дональд Трамп - АҚШ президенті

Ол 277 дауыс жинады

Malim Админ

  • 06.11.2024

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды. Оған берілген дауыстар саны басты қарсыласы Камала Харристен асып түсті.

Сайлау қорытындысы бойынша, Д. Трамп жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушының дауысынан асып түсіп, 277 дауыс жинады, - деп хабарлайды Fox News.

Аталмыш телеарнаның мәліметінше, Харристің 226 дауысы бар. Оның жеңісін Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да жариялады. 

АҚШ сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп бірден 39 жастағы Джей Ди Вэнсті вице-президент қызметіне тағайындады.

Огайо штатының бұрынғы сенаторы, 39 жастағы Дж. Д. Вэнс АҚШ-тың вице-президенті болады.

АҚШ вице-президентіне үміткер ретіндегі алғашқы сөзінде Вэнс Трамппен бірге «Американы қайтадан ұлы ел етуге» уәде берді.

Ол сондай-ақ елдің шетелдік жұмыс күші мен энергияға тәуелділігін тоқтатуға, сондай-ақ әскери көмекті қайта қарауға серт етті.

Еске салайық, Трамп алғаш рет 2016 жылы бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды жеңіп, президенттікке сайланған болатын. Ол 2020 жылы жаһандық коронавирустық пандемия кезіндегі сайлау кезінде Байденнен жеңіліп қалды. Бірақ екі жылға жуық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2024 жылғы сайлауда Ақ үйге қайта оралды. 

Фото: hashtelegraph.com 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks