Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды, - деп хабарлайды Malim.kz Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеровқа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, тараптар бірқатар күрделі техникалық мәселелерді талқылайды.

"Эр-Риядта америкалық топпен кездесуді бастадым. Украина президентінің еліміз үшін әділ бейбітшілік орнату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындаймыз. Күн тәртібінде энергетика мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігіне қатысты ұсыныстар бар. Бүгін күрделі техникалық мәселелермен жұмыс істейміз – біздің делегация құрамында энергетика мамандары мен әскери-теңіз және әуе күштерінің өкілдері бар", – деп жазды Умеров Facebook-те.

Қазір Украина мен АҚШ делегациялары үзіліс жариялады.

24 наурызда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының кездесуі өтеді

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей делегациясын сенатор Григорий Карасин басқарады. АҚШ тарапы кездесуде медиатор рөлін атқарады.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Эр-Риядтағы Украина мен Ресей арасындағы жанама келіссөздердің қалай өтетінін түсіндірді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен "жақсы" қарым-қатынасы бейбіт келіссөздер үшін маңызды екенін атап өткен болатын.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

19.04.2025

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

19.04.2025

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

19.04.2025

АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

19.04.2025

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

18.04.2025

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

18.04.2025
MalimBlocks
Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

АҚШ Қырым Мәскеу мен Киев арасындағы кеңейтілген бейбіт келісімнің бір бөлігі болса, онда оны Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындауға дайын екенін айтты

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

Министрлік мәліметінше, шабуылдан 171 адам жарақат алған

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін