Гарри ханзада Украинаға "құпия" сапармен барды – БАҚ
Ұлыбритания ханзадасы Гарри 10 сәуірде Украинаға барды, алайда бұл туралы еш жерде жарияламады

Ұлыбритания ханзадасы Гарри 10 сәуірде Украинаға барды, алайда бұл туралы еш жерде жарияламады, - деп хабарлайды Malim.kz The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Сассекс герцогы Львов қаласындағы Superhumans орталығында болған. Бұл жерде жараланған сарбаздар мен бейбіт тұрғындар емделіп, оңалтудан өтеді.
Ханзада Гарри – соғыс басталғалы Украинаға барған ұлыбритания корольдік отбасының екінші мүшесі. Былтыр бұл елге Эдинбург герцогинясы Софи барған болатын.
"Аймақта Ресейдің зымыран шабуылдары жиі болатынына қарамастан, герцогтың сапары алдын ала жарияланбады. Гарри енді корольдік отбасының ресми мүшесі болмағандықтан, Букингем сарайы бұл сапар жайлы хабардар болмаған", – делінген мақалада.
Сонымен қатар, ол Украина ардагерлер істері жөніндегі министрі Наталья Калмыковамен де кездескен.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Франция мен Ұлыбритания Еуропа бітімгершілік контингентін Украинаға жіберу идеясын ұсынғанын айтқан болатын. Алайда президент бұл бастаманың мерзімі мен әскери саны туралы нақты мәлімет бере алмайтынын жеткізді.
Фото: © AP Photo / Kirsty Wigglesworth