Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің айтуынша, балалар мен білім беру мекемелері Израиль шабуылдарының басты нысанасына айналған.

"Оккупациялық күштер мектептерді қиратып, балалардың қауіпсіз білім алуына тосқауыл қойды. Әсіресе Газа секторында, Иерусалимде және Батыс жағалаудағы "С" аймағында оқушылар күнделікті қиындықтарға тап болып жатыр," – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Дженин, Тулькарм, Эль-Халиль (Хеврон) мен Масафер-Ятта аймақтарында да балалардың білім алу құқығы бұзылып отырғаны айтылған.

"Газада 17 мыңнан астам бала көз жұмды – бұл сандардың әрқайсысының артында бір өмір, бір тағдыр, бір балақайдың арманы мен болашағы жатыр. Соған қарамастан, Газа балалары білім алу құқығына берік, себебі бұл – олардың жарқын болашағына апарар жалғыз жол. Министрлік осы құқықты қамтамасыз ету үшін онлайн мектептер сияқты балама тәсілдерді дамытып жатыр", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Палестина деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 7 қазанынан бастап Газа секторында қаза тапқандардың 60 пайызы - балалар мен әйелдер.

Фото: un.org

Байланысты жаналықтар

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

06.04.2025

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

05.04.2025

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

04.04.2025

Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі - комиссия

04.04.2025
MalimBlocks
Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде болған дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте Үндістаннан келген студент өлі табылды

Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі - комиссия

Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды