Йемен жағалауында 76 мигрант мерт болды

Йемен жағалауында Эфиопиядан шыққан мигранттар мінген қайық Аден шығанағында суға кетіп, кемінде 76 адам көз жұмды, деп хабарлайды DW.
Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.
Қайғылы оқиға Йеменнің Абьян провинциясы маңында болған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, қайықта барлығы 157 адам болған. Олардың тек 12-сі ғана аман қалған.
Халықаралық көші-қон ұйымының Йемендегі миссиясының жетекшісі Абдусаттор Эсоевтің айтуынша, жоғалып кеткендердің тағдыры әлі белгісіз.
Африкалық мигранттар Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы елдерінде жұмыс табу мақсатында Джибути мен Эритрея арқылы теңіз жолымен Йеменге өтпек болады.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегінше, 2024 жылы бұл бағытты 60 мыңнан астам адам таңдаған. 2023 жылы Қызыл теңізде кем дегенде 558 мигрант қаза тапқан, оның 462-сі қайық апатынан болған.
Фото: DARRIN ZAMMIT LUPI/REUTERS

Ең көп оқылған
