III Чарльз қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің ресми Instagram аккаунтында жарияланған хабарламада ортақ жаһандық мақсаттарға бағытталған екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенім білдірілген

Malim Админ

  • 25.10.2024

III Чарльз патша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.


Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің ресми Instagram аккаунтында жарияланған хабарламада ортақ жаһандық мақсаттарға бағытталған екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенім білдірілген.

«Мен елдеріміз арасындағы байланысты жоғары бағалаймын. Бейбітшілік пен өркендеу, қоршаған орта мен климаттың өзгеруі сияқты маңызды жаһандық мәселелер бойынша қарым-қатынастымыз жалғасын табады деп үміттенемін. Бұл бастамалардың болашақ ұрпағымыз үшін берері көп,» – деді ІII Чарльз патша өзінің құттықтауында.

Сондай-ақ Чарльз патша мен Камилла патшайым Қазақстан халқына алдағы жылға деген игі тілектерін жеткізді: «Мен және жұбайым осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге және Қазақстанның барлық азаматтарына жылы лебіздерімізді жеткізгіміз келеді».

Бұл құттықтау басқа да әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, оқырмандар тарапынан кең қолдауға ие болды. Бұл жөнінде Kazinform.kz хабарлады.  

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

17.03.2025

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

07.03.2025

«Дұрыс емес ақпаратты тарату». Қырғызстан президенті «Азаттық» радиосын жабу ұсынысын құптады

11.02.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

«Дұрыс емес ақпаратты тарату». Қырғызстан президенті «Азаттық» радиосын жабу ұсынысын құптады

Жапаров «Азаттықтың» дәурені біткенін айтты